Мәжіліс депутаты Нұрсұлтан Байтилесовтіңайтауынша, амнистия – бұл заңның қаталдығы ғанаемес, мемлекеттің өз азаматтарына дегенкеңпейілділігі мен ұлылығын көрсететін шынайыгуманизм актісі.
Түрлі өмірлік жағдайларға байланысты конституциялық құқықтары шектелген жандарды жазадан босату немесе мерзімін қысқарту – елдегі құқықтық саясаттың адамгершілік өлшемі. Осыған дейін біз тек қылмыстық істер бойыншакешірім жасауды қолданып келдік. Мысалы, 2021 жылы Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай 2 мыңнан астам адам босатылып, 11 мыңнан астамазаматтың жаза мерзімі қысқарған болатын, - деді ол.
Алайда биыл елімізде үлкен тарихи қадам жасалғалы отыр. Жаңа Конституциямыздың қабылдануына байланысты, Қазақстан тарихында тұңғыш рет әкімшілік амнистия дайындалып отыр.
Бұл бастама халықтың мойнындағы айыппұлдар мен жеңіл құқық бұзушылықтардың жүгін жеңілдетуді көздейді. Бұл – мемлекеттің азаматтарға қол ұшын созып, жаңа парақтан бастауға мүмкіндік беруі. Бұл әкімшілік заңнаманы гуманизациялаудың алғашқы ғана қадамы деп есептеймін. Егер бұл шара іс жүзінде өзінің оң нәтижесін көрсетсе, алдағы уақытта әкімшілік амнистия ауқымын одан сайын кеңейту мәселесін қарастыра аламыз, - дейді депутат.
Ең бастысы – бұл акт азаматтарымыздың жіберілген қателіктерді түсінуіне, құқықтық мәдениеттің артуына және болашақта заң бұзушылықтардың алдын алуға септігін тигізеді.