ОСК ҚҰРЫЛТАЙ САЙЛАУЫ ҚАРСАҢЫНДА 70 МЫҢНАН АСТАМ АДАМДЫ ОҚЫТТЫ

Фото:

Бүгін Орталық сайлау комиссиясыныңотырысында сайлау комиссияларыныңмүшелері мен сайлау процесінің басқа да қатысушыларын оқыту бағытында жүргізгенжұмысы туралы баяндалды.

ОСК хатшысы Шавхат Өтемісовтіңайтуынша, Құрылтай депутаттарын сайлауғадайындық аясында Орталық сайлаукомиссиясы сайлау процесіне қатысушылардыкаскадтық оқытудың көп деңгейлі жүйесінқалыптастырған.

«Аймақтық және учаскелік сайлаукомиссияларының 71 мыңнан астаммүшесінің қатысуымен 7 мыңнан астамоқыту семинары өткізілді. Бағдарламатеориялық және практикалық дайындықты, оның ішінде дауыс беру күні орын алуымүмкін нақты жағдайларды талдаудықамтыды. Алынған білімді жәнекомиссиялардың дайындығын бағалау ОСК мүшелерінің өңірлерге жұмыс сапарларыбарысында жүргізілді» - деді Орталықсайлау комиссиясының хатшысы.

Оқыту «Тренер тренерді оқытады»қағидаты бойынша офлайн және онлайн форматтарда жүргізілді. Өңірлер үшін оқу-әдістемелік кешен мен анимациялық оқыту фильмі әзірленіп, жолданды. Аталғанматериалдар оқу процесінде пайдаланылуда.

Сайлау процесінің басқа да қатысушыларын оқыту маңызды бағыттардыңбірі болды. Бұл оқытуға 23 мыңнан астам адамқамтылды. Олардың қатарында саясипартиялардың, аккредиттелген қоғамдықбірлестіктер мен коммерциялық емесұйымдардың өкілдері, сондай-ақ бұқаралықақпарат құралдарының өкілдері бар.

 

 

 

 

Қатысты тегтер :

Қатысты Мақалалар