Бүгін Орталық сайлау комиссиясыныңотырысында ОСК мүшесі Азамат Айманакумовдауыс берудің қалай ұйымдастырылатыны туралыайтып берді. Дауыс беру еліміз бойынша 10 423 сайлау учаскесінде өтеді. Оның ішінде ҚазақстанРеспубликасының 61 шет мемлекеттегі өкілдіктеріжанында 79 сайлау учаскесі жұмыс істейді.
Дауыс беру таңғы сағат 7:00-ден кешкі сағат20:00-ге дейін жүргізіледі. Сонымен қатар кейбіручаскелерде, мысалы, әскери бөлімдерде, үздіксізжұмыс істейтін өндіріс орындарында, вахталықкенттерде, демалыс үйлерінде, санаторийлер мен ауруханаларда және тағы басқа жерлердеучаскелік комиссия тізімге енгізілген азаматтардыңбарлығы дауыс беріп болған жағдайда, дауысберуді кез келген уақытта аяқталды деп жариялайалады.
«Дауыс беруге арналған үй-жайда болатынадамдар учаскелік сайлау комиссиясыбелгілеген қағидаларды қатаң сақтауға міндетті. Тиісті учаскелік сайлау комиссиясыныңтөрағасы дауыс беруге арналған үй-жайда бірмезгілде болатын азаматтардың санынреттейді, тәртіпке жауапты болады жәнеҚазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңының ережелерін бұзып, дауыс беруді өткізуге кедергі келтірген кезкелген адамның ол жерден кетуін талап етугехақылы. Дауыс беру күні дауыс беругеарналған үй-жайда дауыс беру процесінеқатысы жоқ басқа адамдардың болуына жолберілмейді. Қазақстан Республикасыныңсайлау туралы заңнамасы бұзылған жағдайдаучаскелік сайлау комиссиясының мүшесі оныңжұмысына қатысудан дереу шеттетіледі, ал байқаушы және өзге де адамдар сайлаукомиссиясының жазбаша түрде қабылданғандәлелді шешімі бойынша үй-жайданшығарылады», - деді Азамат Айманакумов.
ОСК мүшесі азаматтардың денсаулықжағдайына байланысты немесе отбасының сырқатмүшесіне күтім жасауына байланысты сайлауучаскесіне келе алмайтын жағдайда, үйде дауысберу мүмкіндігі бар екенін де атап өтті.
Құрылтай депутаттарын сайлаудыңқорытындыларын Орталық сайлау комиссиясысайлау өткізілген күннен бастап он күн ішіндебелгілейді.