Бактэш Ноори есімді блогер манчестерде орнаған исламофобияның өршуін бәсеңдету мақсатында көшеге «Мен мұсылманмын және мен саған сенемін. Ал мен маған қаншалықты сенесің?» деген жазу жазып алып акцияға шыққан. Жігіт көзіне қара байлау тағып алып құшағын кең жайып адамдарды оны құшақтауға шақырып тұрған. Бұл туралы Қамшы ақпараттық агенттігі шетелдік БАҚ-қа сілтеме жасап хабарлайды.
Біраз уақыт ешкім оның қасына жақындамаған. Алайда қағазда жазылған сөздерді оқыған жұрт жігіттің бастамасын қолдайтындықтарын білдіріп құшақтарын кең жайған.
«Сені күнде құшақтайтын боламын. Себебі мен саған сенемін», «Сен жалғыз емессіз» деген секілді сөздер айтылды. Блогер жігіт бұл тәжірибесін YouTube әлеуметтік желісіне салып 1,5 миллионнан аса қаралым жинаған.
Манчестердің тұрғындары блогер жігіттің бұл бастамасын жақсы қабылдаған.
Шолушы: Назерке МҰСА