«Яндекс. Такси» жүргізушісі 34 жастағы әйелді зорлап, заттарын қолды еткен

/uploads/thumbnail/20170710093549700_small.jpg

Ресейде «Яндекс. Такси» қызметін қолданушы әйелдің айтуы бойынша такси жүргізушісі әйелдің заттарын ұрлап, онымен қоса зорлаған деп хабарлайды Қамшы ақпараттық агенттігі life.ru-ға сілтеме жасап. 

Құқық қорғау қызметкерлері орын алған істің мән жайын анықтауда. Ұрлық пен зорлау бойынша басты күдікті "Яндекс. Такси" жүргізушісі болып отыр. 

34 жастағы Евгения Б-ның айтуы бойынша, ол Пушкин алаңына такси шақырған. Сауық кешінен шыққандықтан біршама спиртті ішімдік қолданған әйелдің жолда  көзі ілініп кеткен. Оянған сәтте екі ер адамның жыныстық қатынасқа тартып жатқанын көрген. Сол сәтте шу шығарған жүргіншіні ер адам көліктен түсіріп кеткен. 

Жапа шегуші полиция қызметкерлерінің көмегіне жүгініп, арыз жазған. Жеке заттарымен қоса 200 000  рубль көлеміндегі қаржысының ұрланғанын айтқан. Адам зорлығы туралы да іс қозғалып отыр. 

Шолушы: Айгерім Таубай

Связанные Статьи