Жыл сайын өтетін экономикасы бәсекеге қабілетті елдердің рейтингісінде Қазақстан Ресейді басып озды деп хабарлайды Қамшы ақпараттық агенттігі РБК-ға сілтеме жасап.
Швейцариялық IMD бизнес мектебінің нұсқауында Ресей 44-орыннан 46-ға түскен. Бұл Ресейдің 2012 жылдан бергі ең төмен көрсеткіші.
Қазақстан бұл рейтингте 47-орыннан 32-ге көтерілген. Рейтинг авторлары мемлекеттің экономикалық бәсекелестігін 20 параметр бойынша қарастырады. Оның ішіне экономика көрсеткіштері, үкімет жұмысының тиімділігі, бизнес пен инфрақұрылымның тиімділігі категориялары бойынша зерттелген.
Шолушы: Назерке МҰСА