Біздің заманымызда дәл осындай ержүрек батырлар бар екеніне сену қиын. Өз достарының өмірін құтқарып қалу үшін басын бәйгеге тігетіндер санаулы. Митч Хантер АҚШ тұрғыны. Жас сарбаз көзсіз ерлікке барған, алайда сол ісінің құны өзіне көпке түсті.
Жас спортшы жігіт үнемі әскери қызметкер болуды армандаған. Әлемдегі ең қауіпті мамандық болып таблса да, жігіт ештеңеден қорықпай соған қарай ұмтылумен болған. Алайда апат айтып келмейді.
30 жастағы жігіт достарымен көлікте бірге келе жатқан. Кенет көліктің тежегіші істен шығып, жігіт көлікті басқара алмай қалады. Автокөлік электрөткізгіш бағанына соқтығысып, шектеуден құлай бастайды. Сол сәтте өз достарын құтқару үшін Митч көмек көрсетуге ұмтылады.
Бірақ ол өзін құтқарып үлгермейді.
Бірнеше күн бойы дәрігерлер Митчтің өмірі үшін күреседі. Есін жиған сәтте өзінің электр тоғынан аяғынан айырылғанын біледі.
Ең сорақысы ол айнаға қараған сәтте орын алған.
Митчтің түрі адам танымастай жараланған болатын. 30 жастағы жігіт сол сәтте өзінің шиіттей балаларын қорқытып алуды уайымдаған.
Дәрігерлер бетіне пластикалық операция жасауды ұсынған. Бірақ бұрынғы бет әлпетін қалыпқа келетініне толықтай кепілдік ешкім бермеді. Ауыстырылған келбеті де келісті болатыны да белгісіз болған.
Басқа теріні Митчтің ағзасы қабылдайтынына да ешкім кепілдік бере алмаған.
Бірақ уақыт өте келе жігіт жаңа түріне үйренісіп кеткен, бірақ бетіне жамалған секілді білініп тұрған.
Уақыт өте келе Митчке сақал шығып, тыртықтың орнын жаба бастаған.
Бүгінде Митчтің жасы 35-те. Басқа тұрғындар секілді өз жұмысын істеп жүр.
Айта кететін жайт, бүгінде өзге үшін өз өмірін құрбан етуге баратын адамдар саусақпен санарлық.
Дайындаған: Айгерім Таубай
Оставить комментарий