Кішкентай сәби комада жатқан анасын құтқарады деп ешкім ойламады

/uploads/thumbnail/20170710100355761_small.jpg

Шелли Коулидің жүктілігінің сегізінші айы болатын. Жақында Шелли мен оның күйеуі Джеремидің бірінші сәбилері дүниеге келді. Бірақ ұзақ күткен қуаныштары көпке созылмады 

Шеллидің сәбиі кесер арқылы дүниеге келген болатын. Операция сәтті өтті және кішкентай Риланның  денсаулығы өте жақсы болып дүние есігін ашты. Бірақ Шелли сәбиін дүниеге әкелгеннен кейін комаға түсіп қалады. «Дәрігерлер қолынан келгенше  көмектесті және олар Шеллидің көз жұмғанына сенімді болды»,- деді Джереми.

Бір кезде Эшли Манус есімді медбике қыз келіп, өзінің ойын айтты. «Біз ана мен бала арасындағы байланыс арқылы  анаға көмектесуімізге болады. Менің ойымша бұл іс көмектесуі мүмкін. Шелли сәбиін жүрегімен сезіп, аналық сезімі оянуы керек»,- деп айтты Эшли. Бірақ Риланды  анасының қасына апарғанда, Рилан оянбады. Риланды Шеллидің құшағына салып, біраз қарап тұрдық. Ешқандай өзгеріс болмады. Он минут өткеннен кейін Рилан жылып жіберді.Риланның жылағаны Шеллиге әсер еткен болатын.

«Біз бұл оқиғаны өз көзімізбен көріп тұрдық. Менің әйелім өмірге қайтып келді»,- деді Джери көзіне жас алып. Шелли бірте-бірте қалыпқа келе бастады, бірнеше апта өткеннен кейін Шелли сәбиін қолына алды. « Мен Риланға қарап ойладым, Рилан әлемдегі ең керемет балалардың бірі. Мен білемін барлық аналар осылай айтатын шығар, бірақ біздің арамызда ерекше байланыс бар»,- деді Шелли.

Оставить комментарий

Связанные Статьи