Бүгінгі техника дамыған заманда әлі де тас ғасырында өмір сүретін адамдардың барына сену қиын. Көпшілік қазіргі заманның «алғашқы адамдары» мекендеріне аяқ басқан бөтендерді жақтырмайды. Мәселен, Үнді мұхитында жергілікті тұрғындар өз жерлеріне келген өзге адамдарды өлтіріп тастайды екен.
Осындай тайпалардың бірі Эквадор джунглиінде өмір сүреді. Барлығы 4000 адамдық тайпа гуарани деп аталады.
Тропикалық орманда өмір сүретіндіктен үндістердің табандары жайпақтанып кеткен. Ал аяқ саусақтары тал шыбқтарына ілінуге ыңғайланған.
Бұлар Амазонка өзенінің жағалауында мекендейді. Бұл тайпада әйелдер бала-шаға қарайды, дән мен жемістер жинайды, ал ерлер болса азық іздейді.
Найзалармен гуарандар өздерінің азықтары болатын маймылдарға шабуыл жасайды.
Маймылдан басқа тукан аталатын түрлі-түсті құстарды сорпа етеді.
Үндістер өздерінен бөлек адамдардың, қоғамның бар екенінен хабардар. Олар әшекей бұйымдарын саудаға қойған.
Пит Оксфорд есімді фотограф екі апта бойы осы тайпамен бірге тұрып бұл халықтың ерекшеліктерін танып қайтқан. Окфордтың бөтен адам болғанына қарамастан тайпа адамдары оны қонақжайлықпен қарсы алған.
Әлемде біз білмейтін қаншама ерекше өмір сүру бағыттары мен салттары бар десеңізші..
Оставить комментарий