Адамдар құбыжық деп атап жүзін халықтан жасыруға талпынған жас қыз 22 жылдан кейін халық алдына шықты

/uploads/thumbnail/20170710100451855_small.jpg

Гонконг қаласында Муи Томас  есімді қыз өмір сүреді және туылғаннан бері  ерекше аурумен ауырады.  Қазір Муи Томас 22 жаста.

Муи ихтиоз  ауруымен дүниеге келген, нақтырақ айтқанда терілері жарылып, қабыршықтанып кетеді. Бұндай ауру сирек кездеседі және осы аурумен ауырғандар  кішкентай кездерінде көз жұматын болған.

Муи дүниеге келген кезде,ата-анасы  Тина мен Роджер Томас Германия мен Англиядан келіп ауруханада жұмыс жасап жүреді. Муиді көріп, оны жақсы көріп кетеді.

Тина мен Томас Муиді балалар үйінен асырап алуға шешім қабылдайды. Муидің құжаттарын реттеп асырап алады. «Муиді барлық адамдар психикалық ауруға  ұшырамаған ба деп сұрайтын еді»,- деп анасы Тина есіне алды.

Муи бақытты отбасында, өз-өзіне сенімді қыз болып бой жетеді. Муидан адамдар ауруы туралы сұрағанда, Муи қиналмастан күліп жауап беретін. Бірақ әрдайым солай бола бермейтін.

Муи ауруынан шаршап өз-өзіне қол жұмсағысы да келген. Муиға мектепке, қоғамдық орындарға баруға тыйым салды. Себебі мектепте бір бала Муидан қатты қорқатын болған.

Муиға біз өмірдің қызықты және өмірден ләззат алу керектігін айтып отыратынбыз.  Муи өзінің сүйікті ісімен айналысуды бастады. Муи  Ганконгта балаларды спорттық ойындарға дайындайтын. Спорт Муидің өмірге деген құштарлығын ашты және  Муидің арманы спортта жетістікке жету болатын.

«Адамдар далаға шығуға, өзінің денесін көрсетуге қорқады, ал мен керісінше неге қабілетті екенімді көрсеткім келеді»,- дейді Муи.

«Әр адам бұл өмірде бақытты болуға лайықты. Менің ауруыма ұқсас аурулармен ауыратындар, басқа да кемшіліктері мен қиыншылықтары болса да сендерде  алға ұмтылысыңдар деп сенемін»,- дейді 22 жастағы Муи.

Осы жылы Муи спортта «өмір сынақтары мен қиындықтарын жеңген қыз » деген арнайы сыйлыққа ие болды.

 

Оставить комментарий

Связанные Статьи