Астана қаласының автобус аялдамасында қазақтың ұлы тұлғаларының суреттері бар баннерлер ілінген. Баннерлерде суреттерімен қатар өмір сүрген жылдары үш тілде жазылған. Осы ілінген баннердің біріндегі өрескел қате халықтың наразылығын тудырды деп хабарлайды Қамшы ақпараттық агенттігі.
Халықтың наразылығын тудырған қателік Шоқан Уалихановты 130 жыл, яғни 1835-1965 жылдары аралығында өмір сүрген деп жазған. Негізінде Шоқан Уалиханов 1836-1865 жылдар аралығында өмір сүрген.
Осы өрескел қателіктерді Астана қаласының әкімшілігі ескеріп, түзетеді деп ойлаймыз.
Дайынлаған: Ақнұр МҰХТАРХАН
Оставить комментарий