АҚШ кезекті рет Қытайдың милитаризациялануын сынады

/uploads/thumbnail/20170710100827843_small.jpg

Қытайдың оңтүстік теңіздерінде жасанды аралдар құрып милитаризациялануын АҚШ оң қабылдамайды деп жазады Қамшы ақпараттық агенттігі BBC орыс қызметіне сілтеме жасап. Бұл турлы Пентагон басшысы Джеймс Мэттис мәлімдеген.

Сингапурда қауіпсіздік конференциясында сөйлеген Мэттис Қытайдың өңірде әрекетті болуын тұрақтылыққа қауіп төндіреді деп атаған.

«Біз жасанды аралдарда әскерилену мен халықаралық суларда шектен тыс әрекет ететін елдерге қарсы тұрамыз. Біз статус-квоны мәжбүрлі бір жақтылы өзгертуге көнбейміз әрі келіспейміз», - деп ескерткен Мэттис.

Сондай-ақ АҚШ Қорғаныс министрі Қытайдың Солтүстік Кореяның ракеталары мен ядролық белсенділігін тежеудегі рөлі маңызды екенін айтқан.

Бұған дейін АҚШ мемлекеттік хатшысы Рекс Тиллерсон «Қытай аралдардағы құрылысты тоқтатудың қажеттігін түсінуі тиіс» деген.

Ал, ресми Бейжің Қытайдың өңірде өз мүддесін сақтап қалатынын мәлімдеген.

Мәселенің тарихы:

Қытай Оңтүстік-Қытай теңізінде толықтай әмір етуге ұмытылып келеді.

Ал АҚШ болса барлық халықаралық суларда операция жүргізе аламыз деп өкіректейді.

Бейжің мен Вашингтон бұған дейін бір-бірлерін Оңтүтсік-Қытай теңізінде әскерилену бойынша кінәласқан.  Соңғы жылдары Қытай аталған өңірде жасанды аралдар салып, оған әскери құрылыстар жүргізе бастаған.

Ал, өткен жылдың аяғында америкалық Стратегиялық және халықаралық зерттеулер орталығы мамандары спутниктік суреттерден Қытайдың жасанды аралдарында ракетаға қарсы қорғаныс  жүйесі құрылыстарын анықтаған. 

Оставить комментарий

Связанные Статьи