Шымкент қаласында екі күнде екі қыз зорланды деп хабарлайды Қамшы ақпараттық агенттігі tvk-uko.kz-ке сілтеме жасай отырып.
22 мамырда ер адам кішкентай қызды зорлап кетсе, 23 мамыр күні тағы бір ер азамат жасөспірімді зорлаған. Қыздардың жастары небәрі бесте болатын.
«Еңбекші полиция бөлімі Шымкент қаласының тұрғынына Қылмыстық кодекстің 120 бабы бойынша, 2012 жылғы жасөспірімді зорлаған деген айып тағып, қылмыстық іс ашты. Сондай-ақ, 23 мамыр Абай полиция бөлімі 1958 жылғы ер азаматқа бес жастағы баланы зорлағаны үшін Қылмыстық кодекстің 120 бабы бойынша айып тағылды», - деп Ішкі істер департаменті жауап қайтарған болатын.
Әзірге қылмыстың мән-жайы турлы нақты мәліметтер жоқ, Тергеу жүргізіліп, сараптамалар тағайындалған.
Оставить комментарий