Қазақстан Республикасы Украинадағы саяси ахуалды тұрақтандыруға өз септігін тигізуді жалғастырып отыр, деп хабарлады ҚазАқпарат ҚР СІМ ресми сайтына сілтеме жасап.
Биылғы 26 тамызда өткен «Кедендік Одақ - Украина - Еуропалық Одақ» Минск саммиті барысында Президент Н. Ә. Назарбаевтың айтқан сөзіне сәйкес, қазіргі уақытта Украинаға экономикалық және гуманитарлық көмек көрсетудің кең ауқымды бағдарламасын дайындау мен жүзеге асыру мүмкіндіктері қарастырып жатыр.
Сонымен қатар, әскери әрекеттерді тоқтату бойынша келісімдерді жүзеге асыруға ерекше назар аударатын Украинадағы ЕҚЫҰ арнайы бақылау миссиясының қызметін қолдау мақсатында Қазақстан Республикасы халықаралық ұйымдар ықпалдастығы шеңберінде 40 мың АҚШ долларын бөлген.
Қамшы-ақпарат