Джеки Чан Астанада қыз баланың тұсауын кесті (ВИДЕО)

/uploads/thumbnail/20170710110649531_small.jpeg

EXPO  халықаралық көрмесі қарсаңында Қазақстандағы Қытай кинофестивалінің ашылуына танымал актер Джеки Чанның келгені хабарланған болатын. Кинофестивальдің ашылу салтанатында Джеки Чанға  ұлттық нақыштағы домбыра, белдік пен құлақшын сыйланған видиеосы жарияланды.  

Қазақстанға келген әйгілі актердің әр күні түрлі оқиғаларға толы. Джеки Чан Астанада қыз баланың тұсауын кесті, деп хабарлайды Қамшы ақпараттық агенттігі. 

Видеода қазақтың салты орын алуда.  Джеки Чан екі бүлдіршіннің тұсау кесер рәсіміне қатысып, балаға деген мейірімін көрсетті.

Дайындаған: Айгерім ТАУБАЙ

Оставить комментарий

Связанные Статьи