Ит – біреуге ең жақын дос болса, біреуге сүйікті ас. 5 жастағы бүлдіршіннің өзінің жақсы көретін үй жануарын иттің етін сататын базардан тауып алған кездегі суреті әлеуметтік желіде кеңінен тарап, елді біраз шулатты, деп хабарлайды Қамшы ақпараттық агенттігі.
Оқиға Вьетнамның солтүстік аймағында болған.
Қытайлық «Жэньминжибао» басылымының хабарлауынша, өзінің «Гүлдесте» деп аталатын итін өте қатты жақсы көрген екен. Екеуі үш жыл бойы бірге дос болған, кенеттен бір күні иті жоғалып кеткен.
Бүлдіршін бірнеше күн бойы өзінің итін іздегенімен таба алмады. Сөйтіп, бір күні ит етін сататын базардан өзінің сүйікті жануарының қуырылған өлі денесін тауып алған.
Иттің етінен жасалған тағамдар Вьетнам, Корея, Қытай елдерінде кеңінен танымал және үлкен сұранысқа ие екендігі белгілі.
Шолушы: Назерке Лабихан