«100 адамды шақырып семинар өткізгеннен гөрі, онлайн семинар өткізу әлдеқайда тиімді»

/uploads/thumbnail/20170710114315703_small.jpg

Осыдан бірнеше  күн бұрын Тараз қаласында «Мемлекеттік тілді оқыту әдіснамасын жетілдіру мен стандарттауды іске асыру жолдары» тақырыбында республикалық онлайн семинар өткен болатын. Аталған онлайн семинарға қатысты қазақ тілін оқыту әдістемелері жайында Қызылорда облысының тілдерді оқыту орталығының оқытушысы Әсел Манасқызының пікірін білдік.

«Мемлекеттік тілді оқыту әдіснамасын жетілдіру мен стандарттауды іске асыру жолдары» тақырыбында өткен республикалық онлайн семинар негізсіз ұйымдастырылған жоқ. Бұл онлайн семинар ҚР-дағы тілдерді қолданудың  2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасынан бастау алады. Біз осы уақытқа дейін қазақ тілінің жетілдіру бағытындағы әдістемесі  жасап, жиындар өткізіп жүрген болсақ, енді солардың бір жинақталған негізін  жасауға көштік. Қазақстанда алғаш рет тілдерді жетілдіруге байланысты онлайн семинар өткізілді. Форматы да ерекше. Аталған онлайн семинар қаржы жағынан алып қарағанда өте тиімді болып келеді. Себебі, 100 адамды шақырып семинар өткізу қаншама қаражатты талап етеді? Бұл мемлекетке біраз шығын болар еді. Осындай онлайн семинар өткізе  алатын 10 жылдық тарихы бар орталықтардың бірі Тараз қаласында», -деп өз пікірін білдірді Әсел Манасқызы.

Сонымен бірге онлайн семинар жылына 4 рет өткізіліп отырады екен. Тараз қаласында өткен онлайн семинарда 12 мемлекеттік орган ғана қатыса алған. Егер қатысамын деушілер болатын болса қатысушылар санын арттыруға болады деп те айтып өтті. 

Әсел Өтешова

Связанные Статьи