Кез-келген адам өмірінде түсініксіз эмоциялық жағдайды бастан кешіруі мүмкін. Өзінің қандай сезімдерді бастан кешіретінін, нені қалайтынын түсінбей дал болып жататыны тағы бар. Әсіресе, махаббат эмоциясына қатысты ұзақ уақыт бас қатыруға болады.
Кейде тіпті өмірдегі қалпымызды жоғалтып, кіммен араласып жүргенімізді, кімге керек екенімізді білмейміз. Біз үшін және сіз үшін кімнің қаншалықты маңызды екенін қалай білеуге болады деген сұрақ туады. Осы сұраққа жауап беріп көрейік.
-Білесің бе,-дейді біреу, -мен 5 бірдей әйелмен қарым-қатынастамын. Бірақ олар мені шаршатты. Қайсысын таңдарын білмей жүрмін. Қалай таңдау жасасам болады?
-Шындықты барлығына жайып сал-дейді әлгінің жолдасы.
-Қалай сонда, шындықты?
-Былай: өзіңді еркін сезін. Әр қайсысына бір-бірі туралы айтып бер.
-Бұл көмектесе ме?
-Жасап көр
Келесі кездескендегі екеуінің диалогы:
-Қалай болды? Менің кеңесімнің көмегі болды ма?
- Өте жақсы кеңес бердің. Шынайы болып, бар шындықты айтқанымда екі әйел бірден кетіп қалды. Жарайды дедім. Маңызды емес. Үшеуі қалды. Қызықтың барлығы осы кезде басталды. Байқағаным, барлығымен бірдей шынайы бола алмайды екенмін. Біреуіне барлығын айта алдым, екіншісіне тек жартысын, ал тағы біреуіне тіпті ештеңе айта алмадым. Біреуіне екіншісі туралы барлығын айтып бере алсам, екіншісіне тағы біреуі туралы айта алмадым. Ақыр аяғында жалғыз біреуіне ғана барлығын айтып бере алатынымды түсіндім. Бірақ ол туралы ешкімге айтқым келмейтінімді аңғардым.
-Міне, сол әйел қалған ғой ендеше.
-Дәл солай, бұл кеңестің мұндай нәтиже берерін кім ойлаған.
Шындық -бұл сезімнің көрсеткіші. Ол бізге қажетсіз адамдарды бірден саралап, кетіреді. Кез-келген жағдайда. Адам шынайы бола алмайтын жандармен қарым-қатынасын үзгені жақсы. Ал мүлдем өзгеге ол туралы айта алмайтын адамдар да болады, оларға адам бауыр басып қалады. Міне бізге қажетті адамдар осылар.
Дайындаған: Назерке МҰСА