Оңтүстік Корея астанасында жарылыс болды

/uploads/thumbnail/20170710114527192_small.jpg

Оңтүстік Корея астанасы Сеул қаласының батыс аймағында орналасқан Йонсен университетінде жарылыс болды, деп хабарлайды Қамшы ақпараттық агенттігі Риа новости сайтына сілтеме жасап.

Жергілікті БАҚ-тың дерегіне сәйкес, бір профессор зардап шеккен. Ол кісіге жарылғыш зат бар бір сәлемдеме келіп түскен екен.

Йонсен университетіне жарылғыш зат бар сәлемдеме 13 маусымда таңғы уақытта жеткізілген. Оны ашып көрем деген профессор жарылыстың салдарынан денесі күйік шалып, ауруханаға жеткізілді. Куәгерлердің айтуынша, келген сәлемдемені ашқан бойда жарылыс орын алған.

Полиция басқармасы оқиға орын алған жерге арнайы жасақты жіберіп, қазір іздеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Террорлық шабуыл әбден мүмкін екендігін полиция қызметкерлері мәлімдеді.

Шолушы: Назерке Лабихан

Связанные Статьи