Анасы мен сіңлісін пышақтап өлтірген қыз өзінің жеңілдеп қалғанын айтты

/uploads/thumbnail/20170710114710764_small.jpg

     Спалдинг қаласының тұрғындары 49 жастағы Элизабет Эдвардс пен 13 жастағы Кэти үлкен қызының қолынан көз жұмды.Тергеу барысында анасы мен сіңілісінің өліміне үлкен қызы Ким мен оның жігіті Лукас Маркхэм кінәлі екені дәлелденді. Жасөспірімдер Элизабет пен Кэтиді өлтіргеннен кейін, бассейінде шомылып, жыныстық қатынасқа түскен.

     Кимнің айтуы бойынша анасы сіңілісін қатты жақсы көрген, ал үлкен қызын мүлдем елемеген. Ким 6 жаста болғанда теледидар қарап жатқаны үшін анасы оны бетінен ұрған. Осы жағдайдан кейін балаларды асыранды отбасыға тапсырған. Біраз уақыттан кейін екі қыз өз туған жанұясына қайтарылды. Басқа балалар секілді бос уақытында теледидар қарап, анасынан таяқ жегенің Ким ешқашан ұмытқан емес. Осы уақытқа дейін анасынан кек алу уақытын күтіп жүрген.

     Анасын өлтіруге итермелеген соңғы ұрыс сәуір айында болған. Элизабет балаларының әкесімен қарым-қатынас ұстауына қарсы болған. Әкесімен көріскені үшін Кимді жазалап отырған. Ал Ким болса әкесінің сүйікті қызы болғаның үнемі білген. Соңғы ұрыста анасы қызына: «нашақор әкеннің өмірі сені де күтіп тұр» деуі жасөспірімнің ашуын келтірген.  Сонымен қатар, Элизабет қызының жігітін де ұнатпай оған үнемі тіл тигізумен болған. Екі ғашық мектепте танысқан. Лукас бұзақы болса да, әрдайым Кимнің қасынан табылып, оның қамқоршысына айналған.

     Бір күні Лукас әзіл ретінде анасын өлтіруді ұсындады, бірақ Ким оны шындап қабылдаған. Кешке қарай Лукас қыздардың жатын бөлмесіндегі терезеден кіріп,  өзіммен бірге асүйлік пышақтарды әкеледі. Сол кезде Ким анасын сосын сіңілісін пышақтап өлтіреді. Осындай оқиғадан кейін өз-өздеріне қол жұмсамақшы болады, алайды теледидардың алдында тәттілерді жеу оларға дұрысырақ көрінген.

     Жасөспірімдерді екі адамның өліміне себепкер болды деген айыппен 17 жылға түрмеде қамалды. Ким анасын өлтіргеннен кейін анасы мен сіңілісі бұл дүниеде болмағанына қатты қуанды. Себебі енді ешкімнен ұрыс естімей, ешкімнен таяқ жемейді.

Шолушы: Сабина РАМАЗАН

Связанные Статьи