Шымкенттің мамандандырылған қылмыстық сотында Оңтүстік Қазақстан облысының үш тұрғынына қатысты сот шешім шығарды деп хабарлайды Қамшы ақпараттық агентігі Otyrar.kz-ке сілтеме жасап.
Өткен жылдың қараша айында түскі 12-де қаланың орталығында үш ер адам рөлде әйел отырғанын пайдаланып, Toyota Land Cruiser көлігін айдап кеткен. Әйелге күш көрсетіп, оны өздерімен бірге қала сыртына алып кеткен. Сол жерде көлік иесін тастап, өздері ұрланған көліктерді сатумен айналысатын адамға көлікті тапсыруға шыққан.
Тексеру барысында ұсталған үш ер адамның бұған дейін де көлік ұрлаумен айналысқаны белгілі болды.
Сот оларды өзгенің денсаулығы мен өміріне қауіп төндіріп, мүлігіне қол салу бойынша кінәлі деп тауып, 10 жылдан 11,5 жылға дейін бас бостандығынан айырды. Олар жазасын қатаң түзету мекемесінде өтейді. Шешім әлі заңды күшіне енбеді.
Шолушы: ӘсемӘлмұханбет
Оставить комментарий