Қытайда толассыз жауған жаңбыр салдарынан 6 адам қаза тапты (ФОТО)

/uploads/thumbnail/20170710120514782_small.JPG

Қытайдың Хубэй аймағында толассыз жауған жаңбырдың нәтижесінде 6 адам көз жұмды. Хубэй аймағы мемлекеттің орталығында орналасқан. Табиғи апаттың салдарынан 250 үй қирап, 41 мың га жер су астында қалды. 

Толассыз жаңбыр мемлекеттің 11 қаласында орын алған. 1000-ға жуық тұрғын қауіпсіз жерге көшіріліп, 415 200 адам жекеменшік жеріне зиян келгенін хабарлаған, деп хабарлайды Қамшы ақпараттық агенттігі «Синьхуа» агенттігінің мәліметіне сүйеніп. Оқиға 13 маусым күні орын алған.

Апат салдарынан 311 млн юань  ($46 млн) көлемінде экономикалық нұқсан келіп отыр.

Жаз мезгілінде Хэбэй аймағында жаңбырлы маусым басталады. Былтырғы жылы да аймақ тұрғындары жаңбырдан жапа шеккен.

Шолушы: Айгерім Таубай

Оставить комментарий

Связанные Статьи