Колумбияның астанасы Богота қаласында жарылыс болды (ФОТО)

/uploads/thumbnail/20170710124956743_small.jpg

Колумбия мемлекетінің астанасы Богота қаласында жарылыс болды деп хабарлайды Қамшы ақпараттық агенттігі шетелдік БАҚ-қа сілтеме жасай отырып. Қала мэрінің айтуы бойынша, болған оқиға террористердің ісі екен. Алғашында жарылыстың кесірінен 3 франциялық әйелдің қайтыс болғандығы белгілі болды.

Жергілікті БАҚ өкілдерінің сөзіне сүйенсек, жарылыс Andino сауда орталығындағы әйелдер әжетханасында орын алған.

Біраз уақыттан кейін Богота қаласының мэрі өзінің Твиттер парақшасында жарылыстың себебінен 12 адам қайтыс болғанын мәлімдеген. Кейіннен қайтыс болғандардың саны 3 есеге артыпты. 

Шолушы: Әсел Өтешова

Связанные Статьи