Португалиядағы өрттен кейін 62 адам қайтыс болды деп хабарлайды Қамшы ақпараттық агенттігі шетелдік БАҚ-қа сілтеме жасай отырып.Партугалия аймағындағы орман күннің қатты ысуынан кейін өртеніп кеткен. Биліктегілердің айтуы бойынша, 30 адамның денесі өртенген көліктердің ішінен, 17 адамның денесі тас жолдан табылған екен. Ал қалған 11 адам Педроган-Гранди елді-мекенінен табылыпты.

«Қайтыс болғандардың саны бұдан да көп болуы мүмкін», - дейді билік басшысы Антониу Кошта. Қайтыс болған адамдадың арасында кәмелетке толмаған 4 бала бар.

60-қа жуық адамды күйік шалып, ауруханаға жатқызылған. Примьер-министр болған апатты «жойқын қасірет» деп атады.

Португалия елінде ыстық 40 градусқа дейін жеткен. Сондықтан елдегі ормандар өртеніп жатыр. Осыған ұқсас апаттар әсіресе тамыз айында жиі болып тұрады екен.
Шолушы: Әсел Өтешова