55 жастағы ер адам өз әйелінің көңілдесі бар екенін білген соң оны пышақтап өлтірген. Бұл туралы Қамшы ақпараттық агенттігі YK-news.kz-ке сілтеме жасап. ШҚО Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты ер адамды тоғыз жылға бас бостандығынан айырды.
Ерлі-зайыптылар қонақта болған кезде ішімдік ішіп масайған. Үйге қайтатын уақыт болғанда әйелі орта жолда айнып қалып, үйге қайтудан бас тартқан. Ер адам оны көндірмекші болған, осы арада жанжал шыққан. Жанжал кезінде әйел басқа адамды сүйетінін айтқан. Ер адам осыдан кейін қалтасынан пышақ алып шығып, оны екі рет кеуде тұсынан пышақтаған. Әйел оқиға орнында қаза тапты. Оқиғадан соң күйеуі үйіне барып ұйықтап қалған. Таңға жуық әйелдің мәйітін көрген адамдар полицияны шақыртқан. Полицейлер тез арада әйелдің кім екенін анықтап, күйеуін іздеп тапқан. Ер адам бірден қылмысын мойындаған.. Ал сотта айыпталуы әйелін өлтіргісі келмегенін, алайда "ақыл-есінен адасқанын" айтқан. Сот залында куәгерлер олардың арасында жанжал жиі шығатынын, ішімдік ішетінін, мастықпен тіпті төбелескендерін де айтып берген. Сот осы мән-жайды анықтай отырып, ер адамды тоғыз жылға бас бостандығынан айырған. Үкім әзірше күшіне енген жоқ.
Шолушы: Назерке МҰСА