Қытайдың ақпарат құралдары Қазақстан жері жайында не дейді? (ВИДЕО)

/uploads/thumbnail/20170710125153310_small.png

Қытай сайттарының брінде Қазақстан жері айтылған. Аталмыш сайт сол елдегі 1-2 орында тұрған өте танымал сайт болып табылады. 

Қытай ақпараттық құралдарында жарияланған бұл видеода біршама тарихи деректерді тілге тиек ете отырып, Қазақ жері жайында адам сенгісіз хабарлар таратқан. 

Қазақ жерін отарлған Ресей империясы кезіндегі тарихи деректерді айтады. Қытайдың Чин патшалығы мен Ресей империясы арасындағы келісімдерге тоқтала кетеді.

"Кезінде Чин патшалығы құлдыраған кезде Ресеймен келісімге отырып, біраз жерлерін солардың қарамағына берген. Ал қазіргі таңда бір мемлекет бар. Олар Қытайға ешқашан да соғыс ашқан емес, жерін жаулап алған жоқ, бірақ олар қазір біздің біраз жерімізді жаулап алып отыр. Олар кім дейсіздер ғой, ол - Қазақстан. Анығында бұл жерлер Қытайдың шекарасына тиесілі", - деп айтылады бұл видеода. 

Қытай жұртының аталмыш видеоға жазған пікірлері тіптен сұмдық.

"Керек десеңіз қарулы күшпен бұл елді жаулап алу керек. Қытайдың жерін өзіне қайтару керек", - деген сынды түрліше пікірлер жазылған.

Связанные Статьи