Астана қаласының маңындағы елді мекендерде ауыз судың тапшылығы салдарын тұрғындар шағымдануда, деп хабарлайды Қамшы ақпараттық агенттігі . Бұл туралы Астана қаласының тұрғыны Күнсулу Сейдахметова өзінің facebook парақшасында жариялады.
"Железнодорожный" ауылында ауыз су түнгі сағат 2-ден таңғы 7-ге дейін ғана берілуде. Бұл келеңсіз жағдайдың орын алып келе жатқанына 15 күн болған. ЭКСПО қарсаңында Астанаға алыстан ат терлетіп келген ағайындары жайлы да айтып өтті.
«Астана қалласының әкімі Әсет Исекешевтің тапсырмасымен сағат 19.00-ден қала маңындағы қомақты кәсіпорындарда уақытша суды үнемдеу қолға алынған. Су көзінің барлығы ауытқу бар ауқымды тұрғын үйлерге жөнелтілген. Әртүрлі жұмыстар атқарылу барысында суды тек сағат 13.00 мен 14.00 арасында және кешкісін сағат 19.00 мен 21.00 арасында ғана қосатын болды. Қала тұрғындарынан болған жағдайға түсіністікпен қарауды сұраймыз. «Астана су арнасы» компаниясы келеңсіз жағдай үшін кешірім сұрайды» деп хабарланды Астана су арнасы компаниясының сайтында.
Шолушы: Айгерім Таубай