Тілебалды Абдрешитұлы Димашқа ән арнады (АУДИО)

/uploads/thumbnail/20170710125536283_small.jpg

Соңғы уақытта қазақ-қытай дипломатиялық байланысы нығайып келеді. Мамыр айында «бір белдеу, бір жол» экономикалық форумы аясында Назарбаев Бейжіңде қытай басшысымен кезіксе, күні кеше Қытай президенті Ақордада Назарбаевпен тағы кездесті. Тіпті Астанада өткен ШЫҰ саммитіне қатысып, EXPO-ның ашылуында да Елбасының оң тізесінде отырды. Осы қарсаңда екі елдің мәдени байланысы да қоюлап, Астанада қытай киносы фестивалі ашылды.

Қазақстан-Қытай мәдени байланысының жарқын көрінісі ретінде отандасымыз Димаш қатысқан Қытайдың Хунан телеарнасы өткізген «Мен әншімін» жобасы тарихта қалды. Осы байқауда миллиардқа қазақ атын танытқан, қатарынан қара үзіп шыққан Димашқа халықтың ықласы мен қошаметі бөлек.

Осы орайда Қытайдағы қазақ зиялысы, қоғам қайраткері, ақын Тілебалды Абдрешитұлы Димашқа ән арнаған. Әнге сазды Жақсыбек Қалелбекұлы жазған. Орындаған жас әнші Елжай Байдоллақызы.

Әнді ankui.kz сайтынан тыңдай аласыздар.

Ән сөзі:

Димаш

Жібек жайдың жаңа әуенімен көне ізге

Жібек жолы елшісі болып сен бізге.

Ұлы екі ел ұл-қызы ұқсап егізге,

Ұлы құрлық ұласты ұлы теңізге.


Көркем таңның күні боп,

Көк аспанның үні боп,

Жүректерді жырғатып,

Жүгіндіріп жылатып,

Жеке әнің тербетті.

Табындырып арлы үнің,

Танытып шын ән күшін,

Бар адамға қимас боп,

Бар әлемге Димаш боп,

Желпи бер әнмен жер көкті.


Көкті жарды аспанда үнің арқырап,

Көрмеген жұрт мұндай бұрын ән тыңдап.

Көшті тасқын көкіректерден лақылдап,

Көкседі-ау көңілінде от лапылдап.


Дамылдап аз-ақ бұлтты асып текті әрлі үн,

Далаңның ақ нөсеріндей төкті әнің.

Желпіндіріп, сілкіндіріп жер шарын,

Жеті құрлық құлағына жетті әнің.

Связанные Статьи