Үндістанда қозыны жұтып қойған питонды ұстап алды (ВИДЕО)

/uploads/thumbnail/20170710125545216_small.png

Үндістандағы Ассам штатының Баихата-Чариали қаласының тұрғындары қозыларын жұтып қойған питонды ұстап алды деп хабарлайды Daily Mail.

Ұзындығы 4,5 метрді құрайтын жыланның жанына бір топ адам жиналды. Тұрғындардың бірі оның мойнына жіп іліп, байлап үлгерген. Адамдар төтенше жағдай қызметкерлері келгенше питонмен сурет түскен. 

Үндістанның орман қызметкерлері жыланды адамдардан алшақтау аймаққа апарып тастады.

Үндістанда 2016 жылы Snapchat-қа жыланмен селфи жасамақ болған ер адамды жылан тістеп алған жағдайлар болған. 

 

Шолушы: Сабина Рамазан

Связанные Статьи