Димаш Құдайбергенов өз жанкүйерлерінің арасында конкурс жариялады. Бұл туралы ол өз Интаграм парақшасына жазған екен. Димаш жанкүйерлеріне мысал ретінде «Сәлем» әніне бейнеролик түсіріп оларды конкурсқа қатысуға шақырды.
«#BASTAU шоу концертіне 10 күн қалды! Егер Сіз де концерттін бір мүшесі болғыңыз келсе, өз қалаңыздың ортасында Димаштың жаңа әнін айтып, осындай видео түсіріп бізге жолдаңыз fundimash@gmail.com немесе #FanDQ xэштегі арқылы әлеуметтік желіге жариялауға болады. Концертке келе алмасаңыз да, Astana Arena экрандарынан өз-өзіңізді Димаштың жеке концертінде көруге үлкен мүмкіндік бар! Бұл видеоны Димаш арнайы Астанада (мысал ретінде) Сіздер үшін түсірді! Ал кеттік!», - деп жазған Димаш өзінің Интаграм парақшасына.
Шолушы: Әсел Өтешова