Қазақстандық ақын, жазушы, қоғамдық қайртакер Олжас Сүлейменов «бірыңғай тестілеу оқушының білімін тексермейді» дейді. Бұл жөнінде Sputnik Қазақстан тілшісіне берген сұхабытнда айтты, деп хабарлайды Қамшы ақпараттық агенттігі.
«Тек кітап қана санасы жоқ баланы адам қылады, сұрақ-жауаптарға толы бірыңғай тестілеу емес. Бұл технология алғаш Нью-Йоркте пайда болған, ал ол жердің оқушылары сауатсыз болып шыққанын айтуға болады», дейді Олжас Сүйлейменов.
Сүлейменовтің сөздеріне қарағанда, тестілеу білімді тексерудің ең қарапайым түрі. Совет заманындағы мектептер нағыз ойшыл адамдарды тәрбиелеген.
«Бүгінгі балалар үлкен томдардан хабарламаларға көшкен. Бұл ұрпақ саналы бола қоймас. Ғылым жолында ғана емес, экономика саласында да», деді жазушы.
Сондай-ақ, Олжас Сүлейменов осы мәселені өз қолына алып, кітап жазуды жалғастыратынын айтты.
Шолушы: Гүлім Жақан