Сирия бойынша келіссөздердің кезекті раунды Астанада 10 шілдеде өтеді. Келіссөздерге БҰҰ-ның Сирия бойынша арнайы елшісі Стаффан де Мистура да қатысуды жоспарлап отыр, деп жазады Қамшы ақпараттық агенттігі. Бұл туралы РФ СІМ басшысы Сергей Лавров мәлімдеді.
«Кездесуде тараптар деэскалация аймақтарында орнауы тиіс режимді қамтамасыз етудің нақты параметрлерін келісуді аяқтауға келіскен», - деп мәлімдеді Лавров БРИКС елдері (Бразилия, Ресей, Үндістан, Қытай және ОАР) СІМ басшыларының кездесу қорытындысы бойынша өткен баспасөз мәслихатында.