4 шетел азаматы Керобокан түрмесінен қашып кетті деп хабарлайды Қамшы ақпараттық агенттігі reuters сайтына сілтеме жасап.
Абақты бастығы Тони Найнгголанның айтуынша, қашқын қылмыскерлердің ішінде Австралия, Үндістан, Малайзия, Болгария тұрғындары бар.
«Жертөленің ұзындығы 12 метр. Біздің жоба бойынша, бұл жертөлені қазуға бір аптадай уақыт кеткен» деп айтты Найнгголан.
Полиция қызметкерлері қашқындарды іздестіру үстінде. Құқық қорғаушылар қылмыскерлер алысқа ұзап кетпеген деген ойда. Ал қашқындардың қандай қылмыспен абақтыда отырғаны және неше жылға бас бостандығынан айырылғаны анықталуда.
Шолушы: Айгерім Таубай