Атырауда жоғалып кеткен 8 жастағы Айкөркем Алдоңғар Орал өзенінен өлі табылды, - деп жазады tengrinews.kz. Бұл туралы басылым тілшілеріне су-құтқару бөлімінің басшысы Самат Құмашев хабарлаған. "Қыз бүгін, 19 маусымда табылды, бір сағат бұрын ауылдан 1 шақырым жерде табылды. Мәйіті Алмалы ауылының маңында қарама-қарсы жағадан шықты. Мәйіт полицияға тапсырылды", - деп хабарлады ол.
Еске салайық, 7 жастағы қыз бала 14 маусымда таңғы уақытта "Бесікті" мектеп-интернатына барған. Ал кешкі 17.15-те ол лагерьден үйіне оралуы керек болған, алайда содан бері оны ешкім көрмеген. Сол күні сағат 22.20-да әйел полицияға хабар берген. Өңірлік құтқару қызметі қыз баланы өзеннен іздестірді. Іздестіру жұмыстарына полицейлермен қатар жергілікті тұрғындар, мұғалімдер және көршілері кіріскен.
Шолушы: Назерке МҰСА