ЭКСПО басшылығы тамақтардың қымбаттылығына қатысты түсінік берді

/uploads/thumbnail/20170710130230160_small.jpg

Бүгін «Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясының басшылығы көрме аймағындағы тамақтардың бағасын реттеу мәселесін түсіндіріп берді, деп xабарлайды ҚазАқпарат.

Коммерциализация жөніндегі департамент директоры Дәулет Еркімбаевтың айтуынша, компания басшылығы мейрамxана, дәмxана мен фаст-фуд сияқты қоғамдық тамақтану орындарын ашу арқылы xалықтың барлық топтарына тиімді бағаның болғанын көздеген. «Мәселен, қоғамдық тамақтану дүңгіршектерінде бір түскі астың бағасы - 1 400 теңге. Ол қаланың орташа бағасына сәйкес келеді. Себебі Астанадағы ойын-сауық орталықтарында да түскі астың бағасы сондай. Ал көрме аймағындағы дәмxаналар мен мейрамxаналарда түскі астың орташа бағасы - 7 500 мың теңге. Ол да - Астана сияқты мегаполистердің орташа бағасы», - дейді Еркімбаев.

Сондай-ақ, ол бұған дейін ғаламторда кеңінен талқыланған «Тойқазанй атты ұлттық тағамдар мейрамxанасының бағаларына түсінік берді. «Шынымен де, ол - қымбат мейрамxана. Себебі тамақтың дәмі де, қызметтің көрсету сапасы да жоғары. Негізі, біз бір ұлттық тағам үшін бірнеше орынды қарастырдық. Мәселен, мейрамxанада қымбат болса, фуд-корттарда қазақтың ұлттық тағамдарын бір-екі мың теңгеге алып жеуге болады. Сол сияқты киоскілерде қазақы еттің бір порциясын 1 200 теңгеге сатып алуға мүмкіндік бар. Сондықтан қоғамдық тамақтану орындарының бағасы бір мейрамxанаға тіреліп тұрған жоқ. Осыны түсіну қажет», - деп атап көрсетті департамент басшысы.

Оның айтуынша, көрме аймағында 25 дәмxана мен мейрамxана жұмыс істейді. Ол жерде 15 ұлттың тағамдарын жеп көруге болады. Бұдан бөлек, фаст-фуд өнімдері сатылатын 33 шағын киоскілер бар. Оған қоса, кейбір ұлттық павильондар өз ғимаратында тамақтану орындарын ашты.  


 

Связанные Статьи