18 маусым күні Талдықорған қаласында 44 жастағы Каметаев Рахат Сатыбалдыұлын жерлеу рәсімдері өтті. Оны Талдықорған әуежайында болған жарылыста өте ауыр деңгейдегі күйік шалған болатын, деп хабарлайды Қамшы ақпараттық агенттігі.
Бұл жайында Facebook қолданушысы Қайрат Әбдірахман өзінің жеке парақшасында пост жазып хабарлады.
«Каметаев Рахатты жерлеу кезінде әуежай басшылығы мен полиция қызметкерлерінің айтуынша, ол өзінің жанын қия отырып, батыл қадамға барған. Каметаев Рахат авиациялық қоймадағы 600 тонна керосин сақталған қойма жрылысының алдын алып, жанармай ағатын кранның клапандарын жауып үлгерген. Оның артында әйелі мен кәмелет жасқа толмаған үш баласы қалд», - деп жазады әлеуметтік желі қолданушысы.
Шолушы: Назерке Лабихан
Оставить комментарий