Трамп Солтүстік Кореяның «қатаң режимін» айыптады

/uploads/thumbnail/20170710131339990_small.jpg

 

АҚШ президенті Дональд Трамп    Солтүстік Кореяда  15 ай абақтыда жатқан студент қайтыс болғаннан кейін Солтүстік Кореяның  «қатаң режимін» айыптады. Бұл туралы Қамшы ақпараттық агенттігі BBC мәліметіне сүйене отырып хабарлайды. 

Солтүстік Корея 22 жасар Отто Уормбирді осыдан екі апта бұрын Америка Құрама Штаттарына  қайтарды. Студент осы уақытқа дейін бір жыл көлемінде комма жағдайында жатқан болатын.

Мемлекет басшысы Дональд Трамп 22 жасар Отто Уормбирдің басынан «аса ауыр жағдайлар»  өткенін айта отырып, денсаулық жағдайына қарамастан оны  туған еліне, ата-анасының қасына  алдырту мүмкіндігіне ие болғандығын мәлімдеді.

Ата-анасының айтуы бойынша студент жігіт «сұмдық  азаптаудың»  салдарынан  әбден зәрезап болған. Осылайша  үгіттеу үнпарағын алып қашты деген айыппен түрмеге тоғытылған студент өз еліне келіп көз жұмды

Сондай-ақ Уормбирдің  қазасы АҚШ әкімшілігінің «мұндай қайғылы жағдайға жол бермес үшін   шет елдерде  жазасын өтеп жатқан ел азаматтарына  заң үстемдігіне сәйкес, сондай-ақ  адамгершілік қадір-қасиет тұрғысынан да  әділетті болуды қадағалау»  турасындағы  шешімін нығайта түсті.

Отто Уормбирдің ата-анасы Фред пен Синди ұлдарының дүйсенбі күні 14:20-да жергілікті Цинциннати ауруханасында көз жұмғандығын мәлімдеген болатын. 

Шолушы: Ақерке Маратқызы

 

Оставить комментарий

Связанные Статьи