Қазақтар Мәскеуде ауызашар берді

/uploads/thumbnail/20170710160848236_small.jpg

Қасиетті Рамазан айында Мәскеуде осымен 12 рет Шатыр Рамаданда ауызашар берілді деп жазады Qamshy.kz Ресейдегі Қазақстан елшілігі таратқан ақпаратқа сүйеніп. 

Оған 800-ден астам адам қатысты. Қонақтардың қатарында басқа конфессия өкілдері де бар. Жиналғандар Құран оқып, исламның құндылықтарын сөз етті. Сондай-ақ қонақтарға қазақтың ұлттық дәстүрлері туралы баяндалды. Шариғат бойынша, ауыз бекіткен мұсылманды тамақтандырған адам ораза ұстаған жанға тиесілі сауапқа ие болады. 


«Бұл ауызашардың ерекшелігі, кез-келген адам қалауынша астан алды. Ауыз бекіткен қауымды тамақтандырып қана қоймай, ұлттық ерекшеліктерді насихаттаған ұйымдастырушыларға үлкен алғыс білдіремін», - деді өз сөзінде «Болашақ» бағдарламасының докторанты Қазбек Дәуіталиев.

Оставить комментарий

Связанные Статьи