Бангладеште найзағай 22 адамның өмірін жалмады

/uploads/thumbnail/20170710160850142_small.jpg

Бангладеште соңғы екі күн ішінде 22 адамға жай түсіп, жан тапсырды. Бұл туралы Қамшы ақпараттық агенттігі afp.com-ға сілтеме жасап хабарлайды.

Найзағай ойнаған сәтте олар егістік алқапта жұмыс істеп жүрген.

 Айта кеткен жөн, қазір елде нөсер толас таппай тұр. Шелектеп құйған жауын соңы су тасқыны мен лай көшкініне ұласқан. Табиғи апат салдарынан өткен аптада 150-ден астам адам опат болды. Үй-жайын тастап, эвакуацияланған 2 жарым мың тұрғын әлі күнге уақытша орталықты паналап жүр. Ал мамандардың болжамы көңіл көшітпей тұр. Олар: «нөсердің таяу арада толастайтын түрі жоқ», – дейді. Әдетте маусымда басталатын жауын-шашын маусымы мұнда қыркүйекке дейін жалғасады.

Шолушы: Айгерім Таубай

Оставить комментарий

Связанные Статьи