Сейсенбі күні Бельгияда теракт болды деп хабарлайды Қамшы ақпараттық агенттігі. Брюсселдегі вокзалда қуаты төмен жарылыс жасаған адамды полицейлер атып тастады. Жарылысты ұйымдастырушыдан басқа ешкім зардап шекпеді.
Ресми деректерге сай, әскерилер күдікті вокзалға кірген уақыттан бастап оны аңди бастаған. Олар белгісіз адамға жақындай бергенде жарылыс жасаған. Прокуратура әлі күнге дейін оның кім екенін анықтамады. Федералды прокуратура болған оқиғаны теракт деп атады. Жарылыс жасаған адам ауруханада көз жұмды.
Шолушы: Әсем Әлмұханбет
Оставить комментарий