2017 жылдың 29 маусымында Алаш қайраткері Халифа Алтайдың туғанына 100 толуына қатысты ас берілмек. Бұл жайында Facebook қолданушысы Жарқынбек Жұмаділ өзінің жеке парақшасында хабарлайды.
Құрметті Талдықорған қаласының жастары сіздерді 29 маусым күні Талдықорған қаласында Қазақстан Республикасы Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында, тәуелсіз мемлекетті жаңғыртудың бастау көзі - «Алаш» партиясы ұлттық ұйымының және мұсылман әлемінде діни-танымдық сананы жаңғыртуға үлес қосқан, көрнекті қайраткер, ағартушы-ғалым Халифа Алтайдың 100 жылдығына орай, өткізілетін «Ұлттық сана және рухани жаңғырудағы тектілік феномені» атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция жұмысына және алаш арыстары мен Халифа Алтайдың рухына арналған асқа белсене ат салсыуға шақырамыз.
Игілікті шараның құрметті қонақтары ретінде, Алматы облысының әкімі Баталов Амандық Ғаббасұлы және қала әкімі. ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты Бақытбек Смағұл, Қазақстан Мұсылмандары Діни Басқармасының төрағасы, бас мүфти Маямеров Ержан Малғажыұлы, тарих ғылымдарының докторы, профессор Қойгелдиев Мәмбет Құлжабайұлы, Филология ғылымдарының кандидаты, доцент Аманқос Мектеп-тегі Құлтанұлы т.б қатарлы игі жақсылар және өнер тарландары мен елімізге танымал спорт саңлақтары қатысады.

ІС-ШАРАНЫҢ КҮН ТӘРТІБІ:
09:30 – 10:00. Конференцияға қатысушыларды тіркеу.
10:00 – 10:20. Деректі фильмнің көрсетілімі.
10:20 – 10:35. Конференцияның ашылуы.
12:25 – 12:40. Жарысссөз
12:40 – 12:50. Конференция қорытындысы. Қарар қабылдау.
Конференция өтетін орын: Ілияс Жансүгіров атындағы мәдениет сарайы
13:00 – 16:30. Алаш арыстары мен Халифа Алтайдың рухына арнап ас беру.
Ескерту: конференцияға қосымша қатысуға тілек білдірушілер баяндамаларын, ой-пікірлерін, ұсыныстарын zharkinbek_1203@mail.ru электронды почтасына жібере алады.
Байланыс телефоны: 8747-488-08-89
