Соңғы күндері, әсіресе «Нұрлы жер» жобасы негізінде субсидиялау бағдарламасы пайда болғаннан кейін достарым мен таныстарым мынадай мазмұнда жиі сұрақтар қоятын болды: Қандай қолжетімді жолмен баспана сатып алуға болады? Төмен пайызда несие беретін қандай банктерді ұсына аласыз? Сондықтан да баспана алу мәселесімен бас қатырып жүрген адамдарға жауап ретінде осы жазбаны қалдырдым.
Қазіргі таңда банктер ипотекалық рәсімдеудің түрлі жолдарын ұсынады (субсидиясыз):
Екінші деңгейдегі банкер:
базалық ставкасы
максималды қарыз мерзімі
максималды сомасы
алғашқы төлем
комиссия
ақпарат көзі
Ипотекалық субсидиялар ұсынатын екінші деңгейдегі банктер:
Сбербанк
теңге:
14,1% -дан
доллар.:
8.1% -дан
20 жыл
сатып алынған жылжымайтын мүлік құны 70%-ға дейін
банктік депозит түрінде немесе жылжымайтын мүлікке қосымша кепілзат беру бойынша - 30%, немесе 0% -ға дейін
Тұтынушының төлем қабілеттілігіне байланысты банктік депозит түрінде немесе жылжымайтын мүлікке қосымша кепілзат беру бойынша - 20%, немесе 0% -ға дейін
тұтынушының төлем қабілеттілігіне байланысты банктік депозит түрінде немесе жылжымайтын мүлікке қосымша кепілзат беру бойынша - 40%, немесе 0% -ға дейін
несиені ұйымдастыру үшін 0% немесе несие сомасынан 2,6%. Ол тек несие бойынша оң шешім қабылдағаннан кейін төленеді.
Көріп отырғанымыздай негізгі кредиттік шарттар төмендегідей болып табылады: базалық ставкасы 14 %, төлеу мерзімі 10 жылдан 30 жылға дейін, алғашқы төлемақы 15 % - 30%.
Қазақстандағы ипотекалық несие беру бойынша ең тиімді қолжетімді бағаларды Қазақстан ипотекалық компаниясымен бірлескен Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі ұсынып отыр.
Қарыз алушылар үшін ипотекалық субсидиялардың негізгі артықшылықтарын атап өткім келеді:
1. Банк таңдау құқығы өзіңізде. Сіз біздің серіктестеріміздің ішіндегі өзіңізге қолайды, әрі тиімді, қызмет көрсетуі қанағаттандыра алатын кез-келген банкті таңдай аласыз. Біз Қазақстандағы барлық банктерге субсидиялау бағдарламасына қатысуға шақтырдық. Алайда, қазіргі таңда 7 банк қана келісімін беріп, олардың ішінде Ценрт кредит пен АТФ банктері алғашқы өтініштерді қабылдап үлерді.
2. Қарыз ұлттық валютамен беріледі. Сіз несиені ешқандай АҚШ доллларынсыз, төл валютамен аласыз. Себеббі, көп жағдайда несие алушылар кредитті доллармен алып, деваливация мен инфляция кезінде шығынға ұшырап, қарызға батып жатады.
3. Ай сайынғы төлемақы. Сіз жыл сайынғы белгіленген қаржының 15,5 % -дың 10%-ын өзіңіз төлейсіз. Қалған 5,5 %- ды банк өзі төлейді. Ол өтемақыны сізге 10 жылдан 15 жылға дейін қайтару талап етіледі.
Тағы бір маңызды ақпарат. Осы бағдарлама бойынша кімдер несие ала алады? Бұрынғы қолданыстағы бағдарламалар халықтың әлеуметтік жағдайына байланысты шектеулі болды. Ал біздің жаңа бағдарлама әлеуметтік топтардың тұрмыстық жағдайына қарамастан, азаматтардың барлық санаттарын қамтиды. Яғни мемлекеттік қызметкер де, дәрігер, мұғалімдер мен қарапайым жұмысшылар да баспаналы болу мүмкіндігіне ие бола алады.