Сирияда соғыстың бел ортасында жүрген қырғыз азаматы өз ісіне өкінуде (ВИДЕО)

/uploads/thumbnail/20170710161138850_small.jpg

Сирия елінде алапат соғыстың бел ортасында жүрген көптеген азаматтар әр елден жиналған. Олардың көбісі ДАИШ құрамына өз еріктерімен қосылып, өз қалауларымен соғысқа аттанғандар. Алайда көбісі барғаннан соң қайтарға жол қалмаған кезде бармақтарын тістеп өкініп жатады. Сондай бір қырғыз азаматы соғыстың бел ортасында жүріп анасына видео жолдаған. Өз ісіне өкінген қырғыз азаматының бұл іс-әрекеті барша жастар қауымына сабақ болуы тиіс.

«Менің уақытым аз, бізді қоршауға алды. Бізден екі көше төмен жақта барлығы да қиратылған. Мен, бәлкім, тірі қалмайтын шығармын. Сол себепті де анашым, сізге айтқым келеді: кешірші мені, осындай қадамға барып, осы жерге келгенім үшін кешірші. Олар жазықсыз адамдарды, балаларды  өлтіріп, әйелдерді айуандықпен зорлайды. Не үшін, кім үшін соғысып жатқандары белгісіз. Бұйрықты кімнің беріп жатқаныдығын да білмейміз. Бұл біздің соғыс емес, менің соғысым емес, анашым... Кешір мені...», - дейді өзінің видеожолдауында.

Связанные Статьи