Францияда Атлант мұхитының жағалауына бірнеше қап кокаин шыққан. Барлығы 1,5 тонна кокаин теңіз жағалауына шығып қалған деп хабарлайды Қамшы ақпараттық агенттігі шетел басылыман сілтеме жасап. Есірткіні тасымалдаушылар Грецияның 7 азаматы болуы мүмкін. Есірткі табылмай тұрып бірнеше сағат бұрын кеме үстіндегі гректер құтқарылған болатын. Тергеушілердің мәліметінше, бір топ гректер құтқарылмай тұрып осы есірткіні теңізге лақтырып жіберуі мүмкін. Грек азаматтары тұтқынға алынды.
Шолушы: Назерке МҰСА