Нұрсұлтан Назарбаев бесінші дүниежүзі қазақтарының құрылтайын ашты

/uploads/thumbnail/20170710161232630_small.jpg

Астанадағы Тәуелсіздік сарайында мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен бесінші дүниежүзі қазақтарының құрылтайының ашылу салтанаты өтіп жатыр. Бұл туралы Қамшы ақпараттық агенттігі  ҚазАқпарат мәліметіне сүйеніп хабарлайды.

Құрылтай бағдарламасының негізі ҚР Президенті, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың "Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру" атты бағдарламалық мақаласында айтылған тұжырымдамалық идеяларына құрылған. Дүниежүзі қазақтарының Құрылтайы еліміздің қоғамдық-саяси өміріндегі маңызды оқиға болып саналады. Ол 1992-2017 жылдар аралығында өткен бес Құрылтайдың өзара сабақтастығының бар екендігін көрсетеді және тәуелсіздік кезеңдерінде Қазақстан Республикасының айтулы табыстарға, соның ішінде этникалық көші-қон саясатының жетістіктеріне қол жеткізгендігін паш етеді.

Айта кетсек, иыл 22-25 маусым аралығында Астанада халықаралық ЭКСПО-2017 көрмесі аясында Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен Дүниежүзі қазақтарының V Құрылтайы өтедіні және Құрылтайға қатысушы қонақтар мен делегаттардың анықталғаны хабарланған болатын.

Құрылтайға әлемнің 39 елінен 800-ден астам делегаттар мен қонақтар қатысып жатыр. Олардың арасында шығармашылық, ғылым, педагогика, бизнес, спорт саласының өкілдері, мемлекеттік және қоғамдық ұйымдар, БАҚ өкілдері бар. Жалпы алғанда 80 пайыз делегат пен қонақ құрылтайға тұңғыш рет қатысуда. Мәселе, Жапония, Корея, Италия, Черногория, Польша, Әзербайжан, Молдова елдерінен қонақтар мұндай шараға алғаш рет келіп отыр.

Құрылтайға қатысушылардың 60 пайызы 35-ке дейінгі жастар. Шетелдік делегаттар арасында – Молдова парламентінің депутаты, саясаткер Богдан Цырдя, Томск облысы губернаторының әлеуметтік саясат жөніндегі орынбасары Шыңғыс Ақатаев, Алтай Республикасы Туратин ауданының басшысы Аманжол Сахарянов, Омск облысының заңдық жиналыс депутаты Нұрлан Қартбаев, Оренбург облыстық қалалық кеңесінің депутаты Құрмамбай Құмақбаев, Санкт-Петербургтегі өңірлік экономика және құқық институтының ректоры Ерлан Ысқақов сынды және басқа да тұлғалар қатысуда.

Еске салайық, құрылтай аясында Ұлттық академиялық кітапханада “Халифа Алтай және оралған тарих” атты ғылыми-тәжірибелік конференция өткізіледі. Құрылтайға келген шетелдік делегаттар үшін дін істері және азаматтық қоғам, білім және ғылым, ақпарат және коммуникация, мәдениет және спорт, денсаулық сақтау министрліктері арнайы дөңгелек үстелдер ұйымдастырады.

Делегаттар мен қонақтар “ЭКСПО-2017” халықаралық көрмесімен де танысып, “Астана Опера” опера және балет театры мен этноауылға да барады.

Шолушы: Айгерім Таубай

Связанные Статьи