Маңғыстау тұрғыны ашық теңізде 3 тәулікке қалып қалған

/uploads/thumbnail/20170710161249565_small.jpg

24 жастағы Аблай Сулейменов Маңғыстау тұрғыны. 22 маусым күні сағат 11:40-та ауруханаға- орташа жағдайда түскен.  Ер адамды ағыспен теңізге алып кеткен. Оны ирандық кеме экипажы көріп қалған. Қатты шөлдеген гипортермияға шалдыққан оны Маңғыстау облыстық ауруханасына жеткізген. Бұл туралы Қамшы ақпараттық агенттігі "Лада" газетіне сілтеме жасап хабарлайды.

-Ауруханаға түскенде ол жансақтау бөлімінде жатты. Дене қызуы  32 градусқа дейін түсті. Ұзақ уақыт су, тамақ ішпеген соң кеуде тұсындағы ауруға шағымданған.  Қазір жағдайы жаман емес. Келесі аптада ауруханадан шығарамыз-дейді  аурухананың травмотология бөлімінің меңгерушісінің орынбасары Есет Шахатбаев.

Маусымның 18-нен 19-на қараған түні Аблай теңізде жүзіп қайтпақшы болады. Аблайды теңіз ағыны алып кеткен.

Қараңғыда ештеңе көрмеген ол бірнеше тәулік бойы жүзе берген. Жағаға шығуды мақсат етіп жүзе берген ол сәттілігіне орай, ирандық кемеге кездескен.

Шолушы: Назерке МҰСА

Связанные Статьи