Пәкістан мешітінде болған жарылыс салдарынан 37 адам қаза тапты. Бұл туралы Қамшы ақпараттық агенттігі Ресей 24 каналына сілтеме жасап хабарлайды.
Бүгін таңертең Пәкістанның солтүстік-батысындағы Джамруд елді мекенінде қуатты жарылыс болып, кем дегенде 40 қаза тауып, 100 астамы жарақат алды. Қуаты орасан жарылғыш затты жанкешті-лаңкес жергілікті мешіттердің бірінде жұма намазы кезінде іске қосқан.
Жергілікті полицияның нақтылауынша, бұл лаңкестік «Техрик-и-талибан» деп аталатын Пәкістан содырлар тобының әрекеті болуы әбден мүмкін көрінеді. Өйткені олар осы Оңтүстік Азия аймағында көптеген лаңкестіктерді жасап, мойындарына алғандар.
Шолушы: Айгерім Таубай