Пәкістандағы Пенджаб провинциясында аударылған бензовоз жарылып, 149 адам тірідей жанып кеткен және тағы 100-і зардап шеккен. Көбі ауруханаға ауыр жағдайда түскен. Бұл туралы Қамшы ақпараттық агенттігі Tengrinews мәліметіне сүйене отырып хабарлайды.
Бұл оқиға 25 маусымда таңғы уақытта Бахавалпур қаласының түбінде болды, - деп хабарлайды GEO TV. Бензин таситын көлік аударылғаннан кейін жергілікті тұрғындар оқиға орнына жиналған. Куәгелердің айтуынша, кейбірі шылым шегіп тұрған, бұл өрттің себебі болуы мүмкін екен. Қаза тапқандардың кім екені ДНҚ сараптама өткізгеннен кейін анықталады. Өрттен ондаға көлік пен техника түгі қалмай өртеніп кеткен.
Пәкістан бұл оқиғаны ұлттық трагедия деп атады. Мемлекет басшылары қаза тапқандардың туыстары мен ел басшылығына көңіл айтып жатыр. Ал оқиғаның суреттері мен видеолары әлеуметтік желілерде таралу үстінде.
Шолушы: Ақерке Маратқызы