Колумбияда 150 турист мінген кеме суға батып кетті (ВИДЕО)

/uploads/thumbnail/20170710161336283_small.jpg

Колумбияның солтүстік-батысында орналасқан Пеноль су қоймасында 150 турист мінген кеме суға батып кетті. Бұл туралы Қамшы ақпараттық агенттігі РБК мәліметіне сүйеніп хабарлайды.

 Келеңсіз жағдай 25 маусым, жексенбі күні болды. Оқиға орнында құтқару шаралары жүріп жатыр. Бұған елдің әскери-әуе қүштерінің тіқұшақтары тартылды. Апат салдарынан тоғыз адамның қаза тапқаны хабарланды.

Жедел ідестіру қызметінің бастығы Луис Бернардо Моралестың айтуы бойынша суға батқан адамдардың арасында жедел көмек келгенше шыдыс бере алмай, суға ағып кеткен көрінеді. «Кеме апатының салдары техникалық ақаулықтан болуы мүмкін», - деп мәлімдеді баспасөз қызметі. Алайда, толық тексерістен өтпейінше нақты ештеңе айта алмайтындығын атап өтті. Қазіргі таңда, жедел іздестіру шаралары өткізіліп, туристтерді қауіпсіз жерге орналастыру жұмыстары жүргізілуде.
 

Шолушы: Айгерім Таубай

Оставить комментарий

Связанные Статьи