ӘЭСИ серіктестігінің Азиялық векторы: малайзиялық think tank-пен келісімге қол қойылды

/uploads/thumbnail/20170710161404575_small.jpg

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Қоры жанындағы Әлемдік экономика және саясат институтында (ӘЭСИ) Малайзияның алдыңғы қатарлы жеке-меншік «ақыл-ой орталығы» - Азиялық стратегия және көшбасшылық институтының ASLI (Asian Strategy and Leadership Institute) президенті, доктор Майкл Йео басқарған өкілдерімен кездесу өтті деп хабарлайды Қамшы ақпараттық агенттігі ӘССИ Баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Кездесу барысында тараптар халықаралық аналитикалық орталықтардың келіссөз алаңдарының жаһандық жүйесін дамыту аясында өзара тиімді екі жақты серіктестік мәселелерін талқылады. Сондай-ақ, бірлескен зерттеулер, жарияланымдар, ақпарат алмасу, конференция, семинар және өзге де шараларды өткізу мен ұйымдастыру, Қазақстан мен Малайзия арасындағы қарым-қатынасты нығайту мақсатында өзге де бастамаларды жүзеге асыру секілді бірқатар салалар бойынша түсіністік туралы меморандумға қол қойылды.

- Қазақстан мен Малайзияның екі бірдей алдыңғы қатарлы аналитикалық құрылымдарының серіктестік туралы келісімге қол қоюы екі ел арасындағы зерттеу байланыстарын дамытып, нығайтуға мүмкіндік береді, сонымен қатар, Орта Азиялық және Азия-Тынықмұхиттық аймақта бірлескен ғылыми жобаларды жүзеге асыруға негіз болады, - деді кездесу қорытындысы бойынша ӘЭСИ директоры Ержан Салтыбаев.

Шолушы: Әсем Әлмұханбет

Оставить комментарий

Связанные Статьи